$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында тұрғындар трассаны жауып тастады

Олар жол сапасына наразылық білдірген

Алматы облысында тұрғындар трассаны жауып тастады
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысындағы Кеген және Райымбек аудандарының тұрғындары республикалық маңызы бар жолды жауып тастады. Бұл деректі Алматы облысының әкімдігі растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Көкпек – Кеген – Түп» автомобиль жолының 57-шақырымында Кеген және Райымбек аудандарының тұрғындары жиналып, жол сапасына наразылық білдірген. Тұрғындармен кездесуге Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облысы филиалының өкілдері келді. Жиналған халық былтыр басталған жолды жөндеу жұмыстары аяқсыз қалғанын алға тартып, шағымдарын жеткізді.

«Республикалық жолдың құрылысына салғырт қараған мердігер мекеме жозықсыз деп танылып, 22 шілдеде мемлекеттік конкурс жұмыстары тағы басталды. Қазавтожол өкілдерінің сөзінше, негізгі жұмыс басталғанға дейін жол грейдермен тегістеліп отырады. Бұл шешім тұрғындардың талабына сай келеді. Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» өкілдері конкурстық жұмыстар аяқталып, негізгі жол құрылысы тамыз айының ортасында басталатынын айтты», - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары