$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында бес күн бұрын суға батып кеткен журналистің денесі табылды

Қайғылы жағдай шілденің 19-ында болған еді

Ақмола облысында бес күн бұрын суға батып кеткен журналистің денесі табылды
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысында бес күн бұрын суға батып кеткен бойжеткеннің денесі табылды. Бұл туралы  Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ақмолалық құтқарушылар бес күн бұрын Астана су қоймасында суға батып кеткен 27 жастағы бойжеткеннің денесін тапты. Іздестіру жұмыстарына құрамында 10 адам, іздеу иті және екі моторлы қайығы бар (оның біреуі стационарлық эхолотпен жабдықталған) құтқарушылар тобы жұмылдырылды. Сүңгуірлерге қатты жел мен су тубіндегі балдырлар кедергі келтірді», - делінген хабарламада.

 Айта кетсек, қайғылы жағдай шілденің 19-ында болған еді. Суға батқан бойжеткен сол күні су қоймасына құрбыларымен демалуға барған. Гидроциклмен жүзу кезінде ол суға құлап кеткен. Суға кеткен бойжеткен БАҚ-та СММ маманы болып қызмет еткен.

Серіктес жаңалықтары