Ақтауда жол апатынан үш адам ауруханаға жеткізілді
Оларға медициналық көмек көрсетілді
Ақтауда жол апаты орын алып, үш адам ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы Rixos қонақ үйінің жанындағы демалыс базасында орын алды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Toyota Land Cruiser 200» көлігінің жүргізушісі кері бұрылу кезінде «Lexus Es 330» автокөлігіне жол бермеген. Соның салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алған», - делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша «Toyota Land Cruiser 200» көлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылған.