$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтар бір айда 65,6 келі алтын құймасын сатып алды

Алтын құймалардың дені Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сатылған

Қазақстандықтар бір айда 65,6 келі алтын құймасын сатып алды
фото: egemen.kz

Ұлттық банктің мәліметінше, 2022 жылдың маусым айында екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктері жалпы салмағы 65,6 келі 2 194 алтын құйма сатқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы бойынша 2017 жылдан бері жалпы салмағы 3,26 тоннаға жуық 96 739 алтын құйма сатылған.

«Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 26%. Одан кейін 20 грамдық құйма сұранысқа ие. 5 грамдық құймадан 19 932 дана, 100 грамдық құймадан 19 017 дана, ал 50 грамдық құймадан 11 742 дана сатылды», - деп көрсетті Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Бағдарлама басталғаннан бері екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес пунктер жалпы салмағы 360 келі 14 686 алтын құйманы кері сатып алған, бұл – жалпы сатылған алтын құймалардың 15%-ы. Олар кері сатып алған алтын құймалардың барлығы дерлік Ұлттық Банктің филиалдары арқылы халыққа сатылады.

Серіктес жаңалықтары