Павлодар облысында қатты жел медпункт пен мектептің шатырын жұлып әкетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған қоса 21 жеке тұрғын үйдің шатыры бұзылды

фото: Павлодар облыстық ТЖД

 Павлодар облысында қатты жел медпункт пен мектептің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.

21 шілдеде 23:50 шамасында Железин ауданының Алакөл ауылында Ленин көшесі, 9 мекенжайы бойынша қатты желдің салдарынан жалпы ауданы 187 шаршы метрде фельдшерлік-акушерлік пункттің бір қабатты ғимаратының шатыры бұзылғаны туралы ақпарат түскен.

«Петропавловка ауылының Степная көшесі, 15 мекенжайы бойынша Буденовка негізгі жалпы білім беретін мектебінде 50 шаршы метр алаңдағы шатыры ішінара бұзылды. Бұған дейін 25 маусым күні осы мектептің шатырының 200 шаршы метр аумағын жұлып әкеткен. Ғимаратты уақытша жауып, күрделі жөндеуге қаражат бөлінді», - дейді Железин аудандық ТЖ бөлімінің басшысы Дмитрий Чумаков.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.