$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қазақстан халқына» қоры ЖОО-да тегін білім алуға байқау жариялады

Ол үшін 10 тамыздан бастап 17 тамыз аралығында қабылдау комиссиясына өтінім беру керек

«Қазақстан халқына» қоры ЖОО-да тегін білім алуға байқау жариялады
фото: qazaqstanhalqyna.kz

«Қазақстан халқына» қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында гранттар мен шәкіртақылар беруге конкурс жариялайды, деп хабарлайды  Azattyq Ruhy.

Бағдарлама 2022-2023 оқу жылында жүзеге асырылады.

«Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге грант ала алмаған, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектерге, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларға шәкіртақы төленетін гранттар береді. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының гранттары мен шәкіртақысына үміткерлер өзі таңдаған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына 10-17 тамыз аралығында өтінім береді», – делінген хабарламада.

Бағдарлама туралы толық ақпаратты «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының ресми сайтында жарияланған

Серіктес жаңалықтары