$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда халал желатин өндіретін зауыт салынады

Зауыт 2024 жылы ашылады деп жоспарланып отыр

Алматыда халал желатин өндіретін зауыт салынады
Фото: unsplash.com

Алматыда Түркиядан келген инвестор халал желатин өндіретін зауыт ашады. Кәсіпорын желатин өндірісі үшін шикізат ретінде жергілікті ірі қара мал терілерін пайдаланбақ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров Түркиядан келген İskefe тобының орындаушы комитетінің мүшесі Серташ Ахмет Левентпен кездесті. Екі тарап Алматы индустриялық аймағында желатин өндіретін зауыт салуға қатысты бірқатар сұрақтарды талқылады.

Шетелдік компанияның жобасы Алматы қаласының Өңірлік үйлестіру кеңесінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы хаттамалық шешіміне сәйкес индустриялық аймақ қатысушыларының тізіміне енгізілген.

«Жобаны жүзеге асыру үшін 4,5 га жер учаскесі бөлінді. Инвестор болашақта 100-ден астам тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз ете отырып, зауыт құрылысына шамамен 9,8 млрд. теңге салуды жоспарлап отыр. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 7 мың тоннадан астам «Халал» стандартты желатин шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта «Halavet KZ» ЖШС жобалық құжаттаманы Қазақстанның құрылыс нормалары мен стандарттарына бейімдеу рәсімін жүргізуде», - деп көрсетті қала әкімінің баспасөз қызметі.

Желатин өндірісі үшін шикізат ретінде жергілікті ІҚМ терілері пайдаланылмақ, яғни ел аумағын қамту үлесі кемінде 60%-ды құрайды. Компания мамандарының айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда тамақ, косметикалық және фармацевтикалық өнеркәсіп кәсіпорындары өз өнімдерін өндіру үшін желатинді тек шетелден алдыртады, сондықтан Алматыда зауытты ашу отандық өндірушілерге сапалы шикізаттың қолжетімді болуына мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Инвестиция