Нұр-Сұлтанда маска тағып жүру міндеттеле ме – ДСМ жауабы

Azattyq Rýhy

Нұр-Сұлтан қаласы 21 шілдеден бастап «сары» аймаққа енді

Нұр-Сұлтанда маска тағып жүру міндеттеле ме – ДСМ жауабы
Фото: РИА Новости

ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Роза Қожапова Нұр-Сұлтанда маска тағу режиміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Роза Қожапова 21 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан қаласы COVID-19 үшін «сары» аймаққа енгенін атап өтті.

«Сары» аймаққа кірген қаланың бас санитарлық дәрігерінің шешімін ескере отырып, бетперде кию ұсынылады. Вирус жұқтырған науқастармен жақын байланыстағы адамдарды, сондай-ақ вакцинацияға қарсы көрсетілімі бар тұлғалар мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру міндеттеледі. Мектепке дейінгі ұйымдарда топтық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Мұндай шараларды тікелей топ ішінде ғана өткізуге рұқсат етіледі. «Сары» аймақтағы қалады маска тағып жүруге кеңес етіледі», - деді Роза Қожапова.

Оның айтуынша, Үкімет үйі сияқты кей ғимаратта қызметкерлер міндетті түрде маска тағып жүруі керек.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.