$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан дүкендерінде киік етінен жасалған өнімдер пайда болуы мүмкін бе

Маусым кезінде 1,7-2,6 мың тоннаға дейін тауар алуға мүмкіндік туады

Қазақстан дүкендерінде киік етінен жасалған өнімдер пайда болуы мүмкін бе

Бүгінде елімізде киіктердің етін өңдеу үлкен мәселеге айналды. Осы айда елордада «киіктер популяциясының санын басқару» атты дөңгелек үстел өтті, онда ҚР Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаев киіктердің саны реттелетінін хабарлаған еді. Зоология институтының биологиялық негіздемесіне сілтеме жасай отырып, билік 15 қыркүйектен 30 қарашаға дейін Жайық ақбөкендерінің 10%-ын, Бетпақдала популяциясының 2,5%-ын жоюға ұсыныс жасап еді.

Алайда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевті киіктердің популяциясын реттеу жөніндегі тиімсіз қызметін сынға алып, сөгіс жариялағаннан кейін ведомствоның сайтында киіктердің популяциясын реттеуге қатысты жаңа тәсілдерді қарау мәселесі бойынша кеңес өткізгенін жариялады. Жиынға ғылыми ұйымдардың, мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ аңшылардың қоғамдық бірлестік өкілдері қатысқан. Зоология институты мен ҚР биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілдері бұл жолы терең ғылыми зерттеудің қажет екенін алға тартты. Яғни Президенттің араласуынан кейін ғана ақбөкен популяциясының максималды мөлшерін сақтау орынды екендігі белгілі болғандай болды деп жазды, energyprom.kz порталы.

Министрліктің 10-12 пайыз киіктерді ату керекпіз дегенінен кейін бұл ақбөкендердің етін қалай тиімді пайдалануға болатынын саралап көрейік.

Алдымен түсіндіре кетсек, атылуы керек деген киіктің басым бөлігі Орал популяциясына жатады.  Енді атылған ақбөкеннің етін қайда апарамыз, онымен не істейміз деген заңды сұрақ туындайды. Бұл шамамен 120-150 мың киік. Оның етін қалай сақтап, өңдеп, тауарлық өнімге айналдыра аламыз? Energyprom.kz порталының жазуынша бір киіктің салмағы 14-17 кг құрайды, яғни маусым кезінде өндірілген малдан 1,7-2,6 мың тоннаға дейін тауар алуға мүмкіндік туады. Халықаралық табиғатты қорғау ұйымдарының ұсынымдарына сәйкес, бұл жұмыс киіктер үйірге түспей тұрып 1-1,5 ай бұрын жасалуы тиіс, яғни қазан-қараша айларында.

Айта кететін бір жайт, егер Ақмола және Қостанай облыстарында (киіктің Бетпақдала популяциясы мекендейтін жерлерде) 2021 жылы етті өңдеу бойынша қуаттылығы 16,5 мың және 22,2 мың тонна бола тұра ірі қара мал, ұсақ мал, шошқа және жылқы тұқымдас жануарлардың жас және тоңазытылған етін өңдеу 27,6%-ды және 32,2%-ды құрады.

Ал Батыс Қазақстанда жағдай мүлдем басқаша. Осы жылдың басында-ақ бас-аяғы 16,8 мың тонна ет өңделген, бұл мұндағы орташа жылдық жүктеме бірден 98,5%-ды құрады. Яғни бұл аймақта қысқа мерзімде келетін еттің үлкен көлемін жедел өңдеу мүмкін емес.

Сонымен қатар БҚО-да мұздатылған немесе консервіленген ет пен субөнімдерді өндіру бойынша 100 пайызға орындалып отыр. Яғни, мұнда қосымша өндіріс туралы айтуға негіз жоқ.

Ал БҚО-да жүнді, ірі қара малдың немесе жылқы тұқымдас жануарлардың терісін өңдейтін өндіріс ошағы жоқ. Қостанай және Ақмола облыстарында да жағдай дәл осындай.

БҚО-да шұжық өндірісінің де қуаттылығы төмен. Мұндағы өндіріс қуаттылығы тек 3,1%-ға жетер жетпес. Ал бір жыл бұрын тек 1,8%-ға ғана құраған. Шамасы, өндіріс орындары бұл аймақта бос тұр.

Жалпы, ҚР бойынша шұжық өндірісінде жағдайдың мәз емес екені, импорт басым екендігі түсінікті. Бұл жағдайда киіктердің етінен жасалған шұжықтарды шығаруға үміттену негізсіз оптимистік көзқарас болар еді.

Жалпы, ҚР бойынша ет өңдеу қуаты көптеген сегменттерде өспейді, керісінше, айтарлықтай қысқарып жатыр. Мәселен, 2021 жылдың соңына қарай жас және тоңазытылған ірі қара малдың етін өңдеу үштен екіге, мұздатылған ет және субөнімдерді шығару бойынша 5,2%-ға ға бірден төмендеді.

Серіктес жаңалықтары