$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әскери техника сатып алуға қатысты ақпарат бұрмаланған – Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі БАҚ-та жарияланған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Әскери техника сатып алуға қатысты ақпарат бұрмаланған – Қорғаныс министрлігі
фото: vlast.kz

Қорғаныс министрлігі БАҚ-та жарияланған әскери техника сатып алуға қатысты ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан әскері 82 млрд. аса қаражатқа 168 «Арлан» бронды техникасын сатып алады», «Бұл 82 млрд теңгеге сатып алынған техника Қазақстанға 2023 жылы жеткізіледі» деген тақырыпта бірқатар БАҚ-та ақпараттар жарияланған.

«Осыған байланысты Қорғаныс ведомствосы нақты деректердің өрескел бұрмаланғанын мәлімдейді. Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың депутаттық сауалға берген жауабында «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС-нен «Арлан» 4х4 бронды көлігін сатып алатыны жөнінде мәлім еткен. Онда аталған әскери техниканы сатып алу 2016 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі аралықта іске асатыны айтылған болатын. Бұл дегеніміз 82 млрд теңге қаражатқа аталған техниканы сегіз жыл ішінде сатып алуды білдіреді», - делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Министрлік БАҚ-та «сатып алынады», «жеткізіледі» деген етістіктерді келер шақта қолдана отырып, мәтінде дұрыс сома көрсетілмеген ақпарат жарияланды деп мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары