Арыстанғани Расылханұлы Заппаров 1969 жылы туған
Президент Әкімшілігімен келісе отырып, генерал-майор Заппаров Арыстанғани Расылханұлы Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жеке құрамға полиция департаментінің жаңа басшысын Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Қайрат Сөнтаев таныстырды.
Арыстанғани Расылханұлы Заппаров 1969 жылы туған.
Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап қызмет етеді.
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің орынбасары қызметін атқарған.
2022 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының Полиция департаментін басқарды.