Төрт адам қамауға алынып, бір адамға іздеу жарияланды, тағы екі адам күдікті деп танылды
15 шілдеде күдіктілерге қатысты Алматы қаласы мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2022 жылы 14 шілдеде ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына келесі азаматтар қамалды:
Сонымен бірге, сот Қоспаев Елдос Айдынғалиұлына іздеу жариялап, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдады. Ал Қоспаев Айдос Айдынғалиұлы мен Шалин Руслан Евгениевич күдікті деп танылды.
«Құрметті азаматтар! Егер сіз аталған тұлғарардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен болсаңыз, Қаржылық мониторинг агенттігінің сенім телефондарына немесе аумақтық экономикалық тергеу басқармаларына хабарласуыңызды сұраймыз», - деп хабарлады ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.