21.07.2022, 03:29
Жаңалықтар
Талапкерлердің өтінішін қабылдау мерзімі ұзартылды
Өтінімдер 22 шілдеге дейін қабылданады
фото: matritca.kz
Ғылым және жоғары білім министрлігі білім беру гранттары конкурсына өтінім қабылдау мерзімін 22 шілдеге дейін ұзартты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына шекті деңгейден өткен 103 мың талапкердің 80 мыңнан астамы өтініш берген.
Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу және құжаттарды тапсыру үшін талапкерлердің жеке куәлігі, ҰБТ сертификаты, орта білім туралы аттестат (ТжКБ ұйымдарының түлектеріне арналған диплом) және жеңілдік санаты бойынша конкурсқа қатысу үшін басқа да растайтын құжаттар болуы қажет.
Медициналық анықтама тамыз айында университетке қабылдау кезінде тапсырылады.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді