Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимі алынып тасталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қарақалпақстан Республикасының аумағында 2022 жылдың 3 шілдесінен 2 тамызға дейін төтенше жағдай енгізілген болатын

фото: joqargikenes.uz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимінің күшін жоя туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«21 шілдеде сағат 05:00-ден бастап Қарақалпақстан территориясындағы төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын тоқтатылсын», -делінген Өзбекстан президентінің ресми сайтында жарияланған жарлықта.

Сонымен қатар Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің үндеуі мен өңірде қоғамдық тәртіптің қалпына келгені ескеріліп, осындай шешім қабылданғаны көрсетілген.