Павлодарда жасөспірім қыз бір аптадан кейін табылды
Жыл басынан бері Павлодар облысының полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған 62 баланы іздестірген
16 жастағы кәмелетке толмаған хабарсыз кеткен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 шілде күні кезекшілік бөліміне қыздың анасы хабарласып, қызының үшінші күн үйде жоқ екенін айтқан.
«3 шілде күні қыздың анасы ұлымен бірге Алматыға кеткен, ал қызы үйінде қалған. 9 шілдеде әйел адам үйіне оралғанда қызы үйде болмаған. «Мен құрбымның туған күніне кеттім, сонда қонамын. Ертең келемін, уайымдамаңыз!» деп жазылған хат қана қалдырып кеткен. Келесі күні таңертең анасы қызына қоңырау шалған, бірақ телефоны өшірулі болған», - дейді департаментте.
Павлодар облысы полиция департаментінің жеке құрамына бағдар беріліп, «Vita іздеу жүйелері» ҚБ еріктілерімен бірге іздестіру іс-шаралары өткізілді. Жақын маңдағы үйлердің аулалары, пәтерлер тексерілген.
«Нәтижесінде қыз Алматыға бірнеше күнге кеткені анықталды. Кейін Павлодар қаласына оралған, жедел уәкілдер оны дәмханалардың бірінен тапты. Қазіргі уақытта жасөспірім анасына тапсырылды, онымен және ата-аналармен бақылауды күшейту туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді», - дейді ведомствода.
Аталған факті бойынша материалдар Павлодар қаласының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясына жолданды.
Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған 62 баланы іздестірген.