Сәрсенбі күні кей аймақтарда күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін
Синоптиктер 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Солтүстік-батыс циклонының жырасы ҚР территориясының басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр болып, жел күшейеді. Солтүстік-батыста бұршақ, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын сақтайтын болады», - делінген «Қазгидромет»хабарламасында.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Жетісу облыстарының батысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық болады.
Күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.