Қазір сүңгуірлер оның денесін іздестіріп жатыр
Атырау облысында 18 шілде күні Қарақалпақстан азаматы «Жайық» өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Атырау облысы ТЖД мәліметінше 18 шілде күні шамамен 17:35 сағатта Индер ауданы, Индербор поселкесінде 1981 жылы туған Қарақалпақстан автономиялық Республикасының азаматы «Жайық» өзеніне батып кеткен.
«19 шілде күні 06:42 сағаттан Индер ауданы, Индербор поселкесі «Жайық» өзеніне суға батып кеткен адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Ол суға түсуге тыйым салынған жерлерге шомылғаны анықталды», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.