19.07.2022, 23:13
Жаңалықтар
Қызылордада кене шаққан 4 адам қайтыс болды
Мамандардың айтуынша биыл облыста кене тым көбейіп кеткен
фото: egemen.kz
Қызылордада Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан төрт адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жыл басынан бері 14 науқастан Конго-Қырым гемморагиялық қызбасы анықталып, олардың 4-і ауруханада көз жұмды.
Бұл оқиғалар Жалағаш ауданының Шәменов ауылында, Шиелі ауданының Бекежанов ауылында және Қызылорда қаласында тіркелген.
Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше науқастармен қарым-қатынаста болған 211 адам дәрігерлердің бақылауына алынды. Олардың арасында ауру анықталған жоқ.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
