$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында үш баланы құтқарған тұрғынға пәтер берілді

Андрей Карандашов бір отбасының суға батып бара жатқан үш баласын аман алып қалған

Павлодар облысында үш баланы құтқарған тұрғынға пәтер берілді
Фото: Павлодар облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Ақтоғай ауданының тұрғыны Андрей Карандашовқа алғыс айтып, үш бөлмелі пәтерің кілтін сыйлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше оқиға 15 шілде күні Ақтоғай ауданының Приреченск ауылында болған еді. Бір отбасының жеті жасар егіз ұлы мен олардың тоғыз жасар ағасы Ертіске батып кете жаздаған. Алайда ауылдастарының жедел әрекетінің арқасында балалардың үшеуі де аман қалды. Ол балдырғандарға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек те көрсетті.  

Облыс әкімі Андрей Карандашовқа «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі мен үш бөлмелі пәтердің кілтін сыйлап, ерлігі үшін алғыс айтты.

«Бұл шын мәнінде, ерлік қана емес, біз үшін баға жетпес және сіз құтқарған балалар үшін аса маңызды нағыз қаһармандық әрекет. Мен өңірімізде сіз сияқты азаматтар болғаны үшін мақтанамын. Ата-анаңызға өзіңіздей еліміздің адал азаматын тәрбиелегені үшін көп рахмет. Сізге өңір тұрғындарының атынан алғыс айтамын», - деді Әбілқайыр Сқақов.

Андрей Карандашов Ақтоғай ауданындағы Приреченск ауылының тумасы. Отбасында жарымен бірге екі бала тәрбиелеп отыр. Қазіргі кезде «Ақтоғай-Агро» ЖШС-де жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін оның отбасы жалдамалы үйде тұрған еді.  

Бұған дейін, отыз үш жасар ауыл тұрғынын Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде және Ақтоғай ауданының әкімдігінде марапаттаған еді.

Серіктес жаңалықтары