$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда Хабибке жүгіріп, полицияны итеріп жіберген адам 10 тәулікке қамалды

Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті хабарлады

Ақтау қаласында бірнеше күн бұрын өткен ММА бойынша халықаралық турнирден соң UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің фанаты спортшыны қоршап бара жатқан полиция қызметкерін итеріп жібергені туралы видео таралып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желі қолданушылары видеоны көп таратқан соң Маңғыстау облысының полиция департаменті де оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ең қызығы, Хабибтің фанаты анау-мынау емес, Маңғыстау облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Амангелді Қалмұратовты итерді деген мәлімет бар. Белгілі болғандай полиция қызметкеріне күш көрсеткен азамат 10 күнге қамауға алынған.

«Бейнежазбадағы адамның тұлғасы анықталды. Ол Ақтау қаласының полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша хаттама толтырылды. Әкімшілік соттың шешімімен ол 10 күнге қамалды», - деп хабарлады департамент әлеуметтік желіде.

«YEDILOV ONLINE» телеграм каналының ақпаратына сүйенсек, бұл бұзақы меценант Арман Тұғаев болуы мүмкін.

Әлеуметтік желідегі Арман Тұғаевтың профилін тауып, ақпарат іздеп көріп едік, желідегі белсенді азамат оқиға болған күннен бері әлі жазба қалдырмаған. Есесіне, оның достары Тұғаев полиция қызметкерін әдейі итермегені туралы, ұйымдастыру кезінде кемшілік кетуі мүмкін екендігі, «ел үшін көп жақсылық жасаған азаматты қолдау керектігі» туралы жазбалар табылды.

Azattyq Ruhy Маңғыстау облысы полиция департаментіне осы мәселеге қатысты сауал жолдады.

Серіктес жаңалықтары