18.07.2022, 14:04
Жаңалықтар
Екібастұзда жолаушылар мінген екі автобус соқтығысты
Жол апатынан үш адам зардап шекті
Фото: pavlodarnews.kz
Жол-көлік оқиғасы Мәшһүр Жүсіп – Бұқар жырау көшесінде болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 шілде күні сағат 08.15-те №7 және №33 бағыттағы қалалық автобустардың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған.
«Оқиға орнында полиция жұмыс істеуде», - деді департаментте.
103 желісіне қоңырау бүгін сағат 08:20-да түскен. Жол апаты болған жерге жеделдік бойынша жіберілген бірінші санатты жедел жәрдем бригадасы бес минутта жеткен.
Үш адам зардап шеккен, олардың барлығы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды