24 адам құтқарылды
Бұқтырма су қоймасында жолаушылар катері суға басып кету дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Бұл туралы Azattyq Ruhy ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Экипаждың кінәсі туралы қорытынды жасауға әлі ерте екені айтылды.
«Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі («Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу») бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл сараптама кеменің суға бату себептерін анықтайды. Осыдан кейін ғана қандай шешім қабылдау керек екені белгілі болады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Бұқтырма су қоймасында жолаушылар катері суға батып кетті. Онда 24 адам құтқарылды.