$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.07.2022, 09:27
Оқиғалар

24 адам құтқарылды: Бұқтырма су қоймасында жолаушылар катері суға батып кетті

Катерде болған 24 адамды қарапайым демалушылар құтқарып қалған

Бұқтырма су қоймасында боран кезінде рейстік жолаушылар катері суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 17 шілдеде болған.

Белгілі болғандай, екпіні 20 м/с-қа жететін қатты жел салдарынан «Садко» демалыс орнынан «Аюда» демалыс орталығына бет алған рейстік жолаушылар катері суға бата бастаған. Қайық бортында 24 адам: 21 жолаушы (оның тоғызы бала) және үш экипаж мүшесі болған. Бәрі дереу суға түсіп, құтқарушылар шақырған.

«Демалушылар Асқар Сайлаубаев, Дәулет Сайлаубеков, Дамир Мұхамадиев және Сұлтан Тайжанов жағада тұрып, судағы жағдайды байқап қалады. Олар гидроскутерге міне сала, оқиға орнына жетіп, ең алдымен салдағы балалардың судан шығуына көмектескен. Екі рейс жасап, барлық жолаушыны жағаға жеткізген», - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер демалыс орталығына жеткізілді. Барлық жоалушының жағдайы қанағаттанарлық, оларға медициналық көмек қажет емес. Оларға қажетті көмек көрсетілді, тамақ ұйымдастырылды. Оқиға орнынан жолаушылардың заттарын ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жағаға жеткізді.

«Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті алдағы уақытта күшті жел мен боран болатынын алдын ала хабарлап, хабардар етті», - деп атап өтті ведомство.

Серіктес жаңалықтары