Ауа райы: бүгін еліміз бойынша қатты ыстық болады
Синоптиктер 18 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 18 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР солтүстік жартысында ауа райы тұрақсыз болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста түнде тұман, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген хабарламада.
Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Қостанай облыстарының оңтүстік жартысында Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Алматы, Жетісу, Түркістан, Атырау, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болады.
Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады