Екпенің бірінші дозасын 1 229 694 адам алған
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Pfizer» вакцинасының I-дозасын 1 229 694 адам, ІІ-дозасын 1 168 291 адам салдырды.
«Оның ішінде І-компонентін 868 628 жасөспірім, 41 264 жүкті әйел және 145 051 бала емізетін әйел салдырды. ІІ- компонентін 846 059 жасөспірім, 38 757 жүкті әйел және 139 340 бала емізетін әйел салдырды», - делінген хабарламада.