Грекияда украиналық әуекомпанияның "Антонов" ұшағы апатқа ұшырады

Azattyq Rýhy

Расталмаған деректерге қарағанда ұшақ бортында қару-жарақ болған

Грекияда украиналық әуекомпанияның "Антонов" ұшағы апатқа ұшырады
фото. bfm.ru

Грекияның солтүстігінде украиналық әуекомпанияға тиесілі «Антонов» ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды РИА Новости ERT арнасына сілтеме жасап.

Ұшақ Сербиядан Иорданияға бағыт алған. Ұшқыш қозғалтқышта ақау шығуына байланысты шұғыл жағдайда Кавала әуежайына қонуға рұқсат сұрағанымен алайда ұшақ радардан жоғалып кеткен.

Ұшақта 8 экипаж мүшесі болғаны айтылды.

Әуе көлігі Пангеу муниципалитетінің Палеохори елдімекені маңына құлаған.

«Куәгерлердің айтуынша ұшақ жүгері алқабына құлап, артынша жарылыс болған. Расталмаған деректерге қарағанда ұшақ бортында қару-жарақ болған», - деп көрсетті телеарна.

Өртке сөндіру қызметінің мәліметінше жалынды сөндіруге 15 құтқарушы мен 7 техника жұмылдырылған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.