Қазақстандық оқушылар физикадан халықаралық олимпиадада 5 медаль жеңіп алды

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық құрама қоржыны тағы да медальдармен толықты

фото: t.me/aimagambetov

Физикадан халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар 1 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов телеграмм желісінде жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Физикадан халықаралық олимпиадада (IPhO) Швейцарияның Цюрих қаласында 10-15 шілде аралығында өтті. Білім сайысында қазақстандық оқушылар 1 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алды.

«Еліміздің намысын 5 оқушы қорғады. Олар 75 елден келген 368 жасөспіріммен сынға түсті. Балаларымыз өткен жылы 5 күміске ие болған еді. Осылайша биыл оқушыларымыз былтырғы көрсеткішті жақсарта алды. Ұлттық құрама қоржынына Даниил Шатохин алтын және күміс медальді Ерсұлтан Пітебай, Владимир Лим, Дінмұхаммед Рахымжанов және Ризабек Алпамыс әкелді», - делінген жазбада.