Отандасымыз финалда кореялық Вон Джин Киммен татамиге шықты
Қазақстандық Мағжан Шамшадин Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстандық дзюдошы 60 келіге дейінгі салмақта үздік екенін дәлелдеді. М.Шамшадин жартылай финалда франциялық Максим Мерлиннен басым түсті. Финалда кореялық Вон Джин Киммен татамиге шықты. Тартысты өткен белдесу барысында кореялық спортшы үшінші ескерту алып, жеңіс Мағжанға берілді.
Ал 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Елдос Сметов жұбаныш белдесуінде нидерландылық Иво Верхорстертке есе жіберіп, жарысты жетінші орынмен аяқтады.