Қазіргі уақытта балалардың жағдайы тұрақты
Төле би көшесіндегі үйлердің бірінде болған өрт ішінен өрт сөндірушілер екі баланы аман-есен алып шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт 15 шілдеде болған. Алтыншы қабаттағы пәтер өртеніп, тұрмыстық техника мен үй жиһаздары отқа оранды.
Өртенген пәтер ішінде қалып кеткен 2019 және 2021 жылғы балалардың мұрнына құтқару маскасын тағып, №6 ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Абылай Өтегенов пен №4 ӨСБ командирі Бағдат Боханов эвакуациялады.
«Қазіргі уақытта балалардың жағдайы тұрақты. Өрт 14:23-те толығымен жойылды. Өртті сөндіруге елордалық ТЖД-ның жеке құрамынан 13 адам мен 3 техника жұмылдырылды», - делінген ТЖД хабарламасында.