Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Автор: Azattyq Rýhy

Президент әскер мен әскери құрылымдарды құру жөніндегі баяндамаларын тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы мемлекеттік органдар бірінші басшыларының Қарулы Күштерді, әскер мен әскери құрылымдарды құру және дамыту тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы жөніндегі баяндамаларын тыңдады.

Жиын қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің әскери саласын ұйымдастыру ісін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды сапалы жүзеге асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.