КВИ жұқтырғандардың 70%-ы Алматы мен Нұр-Сұлтанда тұрады – Ажар Ғиният
Емделіп жатқан пациенттердің ішінде 18 жасқа дейінгі балалар 41,7%-ды құрап отыр
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде елдегі COVID-19 ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Әлемде және Қазақстанда 20 маусымнан бастап аурушаңдықтың өсуімен қатар КВИ аурушаңдығының өсуі де байқалады, соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда аурушаңдық 2,5 есеге - 1030-дан 2558 жағдайға дейін өсті. Тәулігіне КВИ+ - нің 1300-ге дейін және КВИ- -нің 15-ке дейін жағдайы тіркелуде», - деді министр.
Бұл ретте соңғы аптада ауырғандардың 70%-ы Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі. Маусым айында жүргізілген секвенирлеу қорытындысы бойынша Қазақстанда үлгілердің 70%-ы омикрон ВА.5 нұсқасына, қалған 30%-ы жасырын омикрон нұсқасына тән екені анықталды.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы сырқаттанушылықтың көтерілуіне қарамастан, науқастарды ауруханаға жатқызу деңгейі әлі де төмен екенін атап өтті.
Осы жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша республикада КВИ бойынша стационарлық көмекті қуаты 3282 төсек болатын 139 инфекциялық аурухана көрсетеді, онда 570 пациент емдеуге жатқызылды, 2 817 төсектің 570 төсек-орны немесе 20%-ы жұмыспен қамтылды.
Сырқаттанушылықтың өсуіне қарамастан, реанимациялық төсек-орындарды жұмыспен қамту 4%-ды құрайды.
«Стационарлық емделуде жатқан пациенттерге талдау жүргізілді. Мәселен, КВИ бар стационарлық емдеудегі пациенттердің ішінде 18 жасқа дейінгі балалар - 41,7%-ды, оның ішінде 1 жасқа дейін - 23%-ды құрайды. Ересек пациенттер 58,3%-ды құрады. Әртүрлі қатар жүретін аурулары бар пациенттер - 23%», - деп хабарлады А. Ғиният.
Медициналық-санитарлық алғашқы көмек деңгейінде КВИ бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін КВИ бар науқастарды бақылау бойынша 2387 мобильді бригада, оның ішінде 1010 ауылда ұйымдастырылды.
А. Ғиният КВИ-ға қарсы вакцинация инфекцияның ауыр түрлерінен және ауруханаға жатқызудың алдын алудың жалғыз қол жетімді нақты шарасы екенін тағы да еске салды.
«Вакцинация және ревакцинация инфекциядан жалғыз қорғаныс болып қала береді. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының мысалында ауырғандардың 80%-ы вакцинациянадан өтпеген немесе 6 ай бұрын егілген, бұл КВИ-ға қарсы вакцинациялау қажеттілігін тағы да растайды», - деп атап өтті ҚР ДСМ басшысы.
Қазіргі уақытта Қазақстанда халықты вакцинациялау үшін вакциналардың 3 түрі (ҚазВак, Синофарм, Пфайзер), қайта вакцинациялау және ревакцинациялау үшін – Қазвак және Синофарм қолжетімді. Егу пункттерінде қалған вакцинаның 1,6 миллион дозасы бар.