ШҚО-да тапаншамен жүрген ер адам 2 жылға дейін сотталуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото ашық дереккөзден

ШҚО-да тапаншамен жүрген ер адам 2 жылға дейін сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Polisia.kz.

Маусым айының соңында Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы демалыс базаларының бірінің аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде облыс орталығының 31 жастағы тұрғынынан травматикалық тапаншасына ұқсас зат табылып, тәркіленді. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат 18х45 мм калибрлі ОСА кешенінің ПБ-4-1 МЛ үлгісінің ұңғысыз тапаншасы.

Қару өзін-өзі белсенді қорғауға арналған және жарық, шу және жарақат патрондарымен ату үшін жарамды. Жауап алу барысында ұсталған азамат қаруды оған мас күйінде болған 29 жастағы досы бергенін, оны көп ұзамай криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ұстағанын түсіндірді. Тексеру барысында күдіктінің бұрын бірнеше рет сотталғаны анықталды. Жауап алу кезінде қаскүнем өз кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Жыл басынан бері заңсыз айналымнан түрлі қарудың 121 бірлігі алынды, оның ішінде 16 ойық, 82 тегіс ұңғылы қару, 16 кесінді, 7 тапанша, 2 граната, 1488 оқ-дәрілер.

Тегтер: