$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық болады – синоптиктер

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында өткінші жаңбыр жаууы мүмкін

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық болады – синоптиктер
© Красная Весна АА

Синоптиктер 15 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Антициклон жотасы ҚР оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, оңтүстік-батысы мен орталығында жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. Ал елміздің қалған территориясында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейіп, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл, батысында бұршақ, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Серіктес жаңалықтары