Таразда 80 отбасы баспаналы болды
Жыл басталғалы қалада осындай 240 пәтер ел игілігіне берілген
Таразда осы аптада тағы 80 отбасы баспаналы болды. Жыл басталғалы шаһарда осындай 240 пәтер ел игілігіне берілген. Бұл игі шаралар мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында атқарылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл пәтерлердің барлығы жалдамалы. Яғни жұртқа жекешелендіру құқығынсыз беріліп жатыр. Мамандардың айтуынша, баспаналы болған азаматтар үйді сата алмайды. Бірақ өмір бойы тұруға құқылы.
«Ол жалдамалы пәтер. Жыл сайынғы пәтер ақысын төлеп тұра береді. Ол сол азаматтың пәтері болып саналады. Кейбір азаматтар соны түсінбей жатады», - дейді қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай.
Жалпы Тараз қаласы бойынша 19 мыңға жуық адам баспана кезегіне тіркелген. Биыл жыл соңына дейін 1500-ге тарта пәтер беріледі деп жоспарланып отыр.