$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.10.2019, 16:53
Жаңалықтар

Халықаралық санкциялар Семейдегі ет комбинаты құрылысының тоқтауына себеп болды

Шығыс Қазақстанда агроөндірістік салада Иран мен Австралиядан келген шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2 жоба жүзеге асырылуда

Халықаралық санкциялар Семейдегі ет комбинаты құрылысының тоқтауына себеп болды
Фото: factum.kz

Халықаралық санкциялар Семейдегі ет комбинаты құрылысының тоқтауына себеп болды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мәлімдеді. Шығыс Қазақстанда агроөндірістік салада Иран мен Австралиядан келген шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі FACTUM - ға сілтеме жасап.

Бұл мәселеге қатысты ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы ресми жауап берді. Онда барлық тиісті мекемелерде рәсімделіп, рұқсатнама алған «Ет өңдеу комбинатының құрылысы» жобасы халықаралық санкцияларға байланысты тоқтап қалғандығы айтылған. Сондай-ақ, Семей қаласында салынып жатқан «AgroPortal» ЖШС ғимаратының жалпы құны 6,8 млрд. теңгені құрайды. Нысанда 250 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған болатын.

«Зауытты салуға арналған жер телімінде геологиялық және топографиялық зерттеулердің барлығы жүргізілген болатын, ҚР ИДМ-нің Инвестиция жөніндегі Комитетпен инвестициялық келісім жасалды. Жер беріліп, салынатын ғимараттың архитектуралық жобасы сызылды. Ирандық компания ет комбинатын салу жоспарын құрды. Бүгінгі күні мердігер жобаны бастаушылар тарапынан қаржыландыру болмағандықтан жұмысты тоқтатты. Қаржыландыру проблемасы Иранға қарсы халықаралық санкциялармен байланысты», - делінген ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы берген ресми жауапта. 

Екінші инвестициялық жоба – жергілікті «Еуразия АгроХолдинг» ЖШС мен австралиялық компания бірлесіп жүзеге асыратын ет өңдеу комбинатының құрылысы. Аягөз ауданында жалпы құны 9,4 млрд. теңге тұратын тәулігіне 1400 бас малды союға мүмкіндік беретін цех пен 50 000 бас малды бордақылауға арналған алаң салу жоспарланған болатын.

Жоба бойынша ҚР заңнамаларының стандартына сай жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Австралияға да қатысты санкция қолданылмаса, нысан жылына 11,5 мың тонна ет өнімдерін шығарады.

Серіктес жаңалықтары