Ауа райы: бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады

Azattyq Rýhy

Республиканың оңтүстік аймақтарында жаңбыр жаууы мүмкін

Ауа райы: бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 13 шілдеге арналған ауа райы болдамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуі ҚР аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақтайтын болады – найзағаймен жаңбыр жауады, жел күшейіп, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл, батысында бұршақ болады. Тек Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі болады.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болуы ықтимал.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде 16-18, күндіз 28-30 градус жылы болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 2-7, найзағай кезінде екпіні 13 м/с. Ауаның температурасы түнде 17-19, күндіз 27-29 градус жылы болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде 18-20, күндіз 35-37 градус жылы болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.