$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл күзде әлем халқының саны 8 миллиардқа жетеді – БҰҰ болжамы

Ал 2080-жылдары шамамен 10,4 миллиардқа жетеді

Биыл күзде әлем халқының саны 8 миллиардқа жетеді – БҰҰ болжамы
Фото: БҰҰ

Біріккен Ұлттар Ұйымы биыл 15 қарашада ғаламшарымызды мекендейтін халық саны 8 миллиард адамнан асатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

БҰҰ болжамына сүйенсек, әлем халқы 2030 жылға қарай шамамен 8,5 миллиардқа, 2050 жылға қарай 9,7 миллиардқа дейін өседі, ал 2080-ші  жылдары шамамен 10,4 миллиардқа жетіп, ғасыр соңына дейін осы деңгейде қалуы мүмкін.

Сондай-ақ БҰҰ баяндамасында соңғы бірнеше онжылдықта бірқатар елде бала туу деңгейі айтарлықтай төмендегені атап өтілген. 2020 жылы әлем халқының өсімі 1950 жылдан бері алғаш рет жылына 1 пайызға төмендеді. 2022-2050 жылдар аралығында 61 елдің немесе аймақтың халқы 1 пайызға немесе одан көп көрсеткішке қысқаруы мүмкін. Осы кезеңде әлем халқының жалпы өсімінің жартысынан астамы сегіз елге - Конго Демократиялық Республикасы, Мысыр, Эфиопия, Үндістан, Нигерия, Пәкістан, Филиппин және Танзанияға тиесілі болмақ.

Баяндамада айтылғандай, Жер бетіндегі 65 және одан жоғары жастағы адамдардың үлесі 2022 жылғы 16 пайызбен салыстырғанда, 2050 жылы 10 пайызға артады. Аталған уақытқа дейін 65 және одан жоғары жастағы адамдардың саны бес жасқа дейінгі балалармен салыстырғанда екі еседен асады және 12 жасқа дейінгі балалар санына тең болып қалады деген болжам айтылды.

Сондай-ақ 2019 жылы әлем халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 1990 жылмен салыстырғанда 9 жылға ұзарып, 72,8 жас болған. Алайда 2021 жылы бұл көрсеткіш COVID-19 пандемиясына байланысты 71 жасқа дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш 2050 жылы шамамен 77,2 жылға дейін ұзаруы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары