$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бір тәулікте 484 науқас: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп жатыр

Бүгінгі таңда COVID-19 вирусын жұқтырған 16 адам ауыр жағдайда жатыр

Бір тәулікте 484 науқас: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп жатыр
Фото: vlast.kz

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 адам ауыр жағдайда жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

12 шілдедегі мәлімет бойынша, 3 211 адам коронавирус инфекциясынан (–3 151+ және 60 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 401 пациент стационарда, 2 810 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«Соңғы тәулікте ел аумағында 482 тұрғынның ПТР тесті КВИ-ге оң нәтиже берген. Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 16 адамның жағдайы ауыр», - делінген ДСМ хабарламасында.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше:

Нұр-Сұлтан қаласында - 123,
Алматы қаласында - 205,
Шымкент қаласында – 28,
Ақмола облысында – 1,
Ақтөбе облысында –3,
Алматы облысында - 29,
Атырау облысында - 15,
Шығыс Қазақстан облысында - 5,
Жамбыл облысында - 23,
Батыс Қазақстан облысында - 4,
Қарағанды облысында - 28,
Қызылорда облысында - 6,
Маңғыстау облысында - 4,
Павлодар облысында - 4,
Түркістан облысында - 4.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 310 370 жетті.

Серіктес жаңалықтары