$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда екі электршіні ток соғып, біреуі қайтыс болды

Аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде

Оралда екі электршіні ток соғып, біреуі қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден

Оралда ақауды жоймақ болған екі электршіні ток соғып, біреуі мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

«ЗапКазРЭК» ЖШС екі жұмысшысын 28 маусым күні Мөңкеұлы көшесі бойындағы апаттық жағдайды жою кезінде тоқ соққан. Оқиға орнынан ер адамдарды облыстық көпсалалы ауруханаға ауыр деңгейдегі күйік шалу белгісімен жеткізген. Келесі күні белгілі болғандай, науқастың біреуі палатаға ауыстырылған. Ал жан сақтау бөлімінде қалған науқас 9 шілдеде көз жұмған.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы аталмыш ақпаратты растады және науқастың ток жарақатын алғанын атап өтті. Оның денесінің 55%-ын күйік шалған.

Аталмыш дерек бойынша комиссия құрылды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары