$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.02.2020, 22:51
Жаңалықтар

Бес өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

4 ақпанда Қазақстанның кей жерлерінде тұман мен көктайғақ болады

Бес өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК ауа райының нашарлауына байланысты 5 өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Атап айтқанда, 4 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде 15-20 м/с жетеді. Орал қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болжанады.

4-5 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні түнде 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с жетуі ықтимал. Петропавл қаласында жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 23-28 м/с артады.

4 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 м/с жетеді. Қостанай қаласында бұрқасын, көктайғақ, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.

4 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерін тұман басады. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с жетпек. Сондай-ақ 4 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады, кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с артуы мүмкін. Ақтөбе қаласында тұман сақталады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с күшейеді. 

4 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз көктайғақ сақталады. Ақмола облысының жекелеген жерлерінде тұман болжанады. Таңертең және күндіз кей аумақтарда жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды

Серіктес жаңалықтары