$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысында жеңіл көлік пен жүк пойызы соғысып, екі адам қайтыс болды

Апаттан зардап шеккендер бар

Қостанай облысында жеңіл көлік пен жүк пойызы соғысып, екі адам қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден

Қостанай облысындағы Притобольская станциясының реттелетін темір жол өткелінде жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «11 шілде сағат 14:35-те Қостанай облысының Тобыл - Құсмұрын учаскесіндегі Притобольская станциясының реттелетін темір жол өткелінде жол-көлік оқиғасы болды. Куәгерлердің айтуынша, «Жигули» маркалы жеңіл көлік жүргізушісі тоқтап тұрған автоларды айналып өтіп, темір жолға шыққан. Бұл кезде жүк пойызы келе жатқан. Апаттан зардап шеккендер бар. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Пойыз сағатына 57 км жылдамдықпен жүріп келе жатқан. Өткелдегі белгі беру құрылғысы дұрыс жұмыс істейді», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да оқиғаның себептері мен мән-жайларын тексеру үшін комиссия құрылды.

Сонымен бірге, Қостанай облыстық Полиция департаментінің өкілдері де болған жол-көлік оқиғасының мән-жайын түсіндірді.

«65 жастағы жүргізуші «ВАЗ» маркалы көлігін тізгіндеп келе жатып, темір жолда бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетпекші болған. Салдарынан жүк пойызымен соқтығысып, автокөлік жүргізушісі мен 40 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты», – деді ведомстводан.

Полиция жол-көлік апаты фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Серіктес жаңалықтары