$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресейден Қазақстан арқылы Үндістанға алғашқы жүк пойызы жөнелтілді

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті

Ресейден Қазақстан арқылы Үндістанға алғашқы жүк пойызы жөнелтілді
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік – Оңтүстік дәлізі бойынша Үндістанға жүк жөнелтілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

«Қазақстан, Ресей, Түрікменстан және Иран аумақтары арқылы өтетін «Солтүстік-Оңтүстік» перспективалық көлік дәлізін дамыту – «ҚТЖ» ҰК» АҚ алдына қойылған басым міндеттердің бірі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы маусымда өткен VI Каспий саммитінде сөйлеген сөзінде өзара көліктік қатынас   мемлекеттердің экономикалық байланыстарын тұрақты өсіру мен нығайтудың негізгі факторына айналатынын атап өтті», - делінген ҚТМ хабарламасында.

Жүктерді «Солтүстік-Оңтүстік» құрлық дәлізіне қайта бағдарлау аясында Мәскеу облысының Чехов станциясынан (РФ) Нава-Шева портына (Үндістан) пилоттық контейнерлік пойыз жөнелтілді. Ресейден Үндістанға жүк жөнелту бойынша жаңа көліктік-логистикалық шешімді «KTZ Express»  АҚ мен «РЖД Логистика» АҚ бірлесе әзірледі.

«Қырық қырықфуттық контейнерден тұратын пилоттық пойыз тағайындалған станцияға құрылыс материалдарын жеткізеді. Ресей, Қазақстан, Түрікменстан, Иран және Үндістан аумақтары арқылы өтетін теміржол маршрутының ұзындығы 8 мың км-ден асады», - делінген хабарламада.

KTZ Express Қазақстан – Түрікменстан – Иран бағытына жүктерді қайта бағдарлауды жеделдетуге ерекше назар аударады. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстан, Түрікменстан және Иран арқылы Түркияға құрлықтық дәліз бойынша пилоттық контейнерлік пойыз жөнелтілді.

Серіктес жаңалықтары