Павлодарда балықшы адам сүйектерін тауып алды
Облыстық полиция департаменті сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады
Павлодарда балықшы адам сүйектерін тауып алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жантүршігерлік оқиға жайлы «Vita» іздеушілері желісі өздерінің әлеуметтік парақшасында жазды.
«Еріктілердің бірі Константин Чернояркада балық аулау кезінде жердің шөп шықпай қалған кішкене бөлігін көзі шалған. Бұл жағдай оған күдікті болып көрінген. Енді жақсылап қараса, толығымен адамның сүйектерін көрген. Ал әрі қарай қазғанда жақ сүйегі шыққан. Сүйектер шашыраңқы жатқан, құдды бір бөлшектеп тастаған сияқты», - дейді еріктілер.
Олардың айтуынша, жеке тұлғаны анықтауға тістерінің жақсы сақталуы септігін тигізуі мүмкін.
Қазіргі уақытта хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде 30-ға жуық адам есепке алынған.
Облыстық полиция департаментінде аталмыш факті тізімге алынғанын және сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады.