$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаңтар оқиғасынан соң құқық қорғау органдарына қатысты 360 қылмыстық іс қозғалды

 Қазіргі таңда 170 іс бойынша тергеу жалғасуда

Қаңтар оқиғасынан соң құқық қорғау органдарына қатысты 360 қылмыстық іс қозғалды

«Қаңтар оқиғасының» нәтижесінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан азаптау мен өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері бойынша Агенттік тергеушілерінің өндірісінде 360 қылмыстық іс болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы агенттіктің Алқа отырысында мәлімдеді.

Бұл санаттағы істердің саны өткен жылдармен салыстырғанда екі есе артық. Қазіргі таңда 170 іс бойынша тергеу жалғасуда, 167-сі аяқталды. 23 қылмыстық іс әрі қарай тергеу үшін прокуратураға жолданды.

Бұдан бөлек, ел бойынша 1 300-ден астам сыбайлас жемқорлық фактісі қылмыс.

«Сыбайлас жемқорлыққа 800-ден астам адам әшкереленді, оның 140-тан астамы әртүрлі деңгейдегі менеджерлер. Ауыр қылмыстарды анықтау қарқыны өсті. Тергеу нәтижелері бойынша сотқа 592 іс жіберілді. 357 жемқорға сот үкімі шықты», - деді Бектенов.

Серіктес жаңалықтары