$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.02.2020, 14:12
Жаңалықтар

Уақытында қар тазаламайтын елордалық ұйымдарға айыппұл салынды

Бірқатар ойын-сауық орталықтарына ескерту жасалды

Уақытында қар тазаламайтын елордалық ұйымдарға айыппұл салынды
Фото: әлеуметтік желіден

Елорданың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы айналасындағы қарды уақытында күремейтін ұйымдарға бақылауды күшейтті. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаеваның хабарлауынша, бірқатар ұйымға айыппұл салынған.

«Magnum cash carry» ЖШС (Тұран даңғылы, 55), «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ (Мухаммедханов к-сі, 37), «Астана гүлдері» ЖШС («Милана», Алматы к-сі, 9) сияқты қызмет көрсететін ұйымдарға іргелес аумақтарындағы қар мен мұзды уақытылы тазаламағаны үшін айыппұл салынды. Айыппұл көлемі - 400 мың теңге», - деп хабарлайды.

Сондай-ақ «Mega Silk Way» ОСО, «Сарыарқа» ОСО, «Астаналық цирк» МКҚК, «Ailand» ОСО-ның «Гастроном» супермаркетіне (Түркістан көшесі) және т. б. қызмет көрсететін ұйымдарға ескерту жасалды.

Қыс маусымы басталғалы бері қызмет көрсететін 107 ұйым 4,3 млн теңге сомаға, сондай-ақ елордалық 260 орта және шағын бизнес нысандары 2,7 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«….Қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру ережелері» туралы ҚР ӘҚБК 505 бабын бұзғаны үшін 95 ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл көлемі – 5,7 млн теңге. Қаланы санитарлық тазалау бойынша 10 ұйыммен келісім шарт бұзылып, басқа тиісті компаниялармен шарт жасалған.

Серіктес жаңалықтары