СҚО-да шартты түрде мерзімінен бұрын босату режимін бұзған 21 адам абақтыға қайтарылды
Өңірлік полицияның есебінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 241 адам тіркеуде тұр
СҚО-да шартты түрде мерзімінен бұрын босату режимін бұзған 21 адам бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы полицейлерінің есебінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 241 адам бар. Оларға ішкі істер органдарының рұқсатынсыз елді мекеннен шықпау, үйде сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін болу, тіркеуге ұдайы келіп тұру, спирттік және басқа да заттарды қабылдамау міндеттелген. Олардың орындалуын учаскелік полиция инспекторлары бақылайды. Міндеттерін жиі бұзу – шартты түрде мерзімінен босату режимінің күшін жоюға негіз болады.
Мәселен, 31 жастағы петропавлдық шартты түрде мерзімінен бұрын 2019 жылы босатылды. Бастапқы кезде ол шектеулерді бұлжытпай орындаған, алайда, уақыт өте келе ащы суға салынған. Учаскелік полиция инспекторы оның масаң күйде болу жағдайын бірнеше рет тіркеген, жасаған ескертулерді ер адам елемеген. Бірде ащы судың буымен отбасында жанжал шығарған. Онымен бірге тұратын әйел арыз жазған, бірақ кейін сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартыпты. Полицейлердің тәжірибесі көрсеткендей, отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбандары көп жағдайда осылай жасайды. Дей тұрғанымен, бұл факті сотта ескерілді. Айта кететіні, ол мерзімін ауыр дене жарақаттарын келтіргені үшін өтеген. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату режимін бұзу туралы учаскелік полиция инспекторларымен жинастырылған материалдар сотпен қарастырылды, шартты түрде мерзімінен бұрын босату режимінің күшін жою туралы ұсыным қанағаттандырылды. Көрсетілген сенімнен шыққан қылмыскер жазасын тағы да бас бостандығынан айыру орнында өтеуде.
«Шартты түрде мерзімінен бұрын босату талаптарын бұзудың жиі орын алатыны – түнгі уақытта үйде болмау, ІІО тіркелуге келмеу – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. – Құқық бұзушылар табыс табу үшін шығуға тура келді деп, өздерін ақтап жатады. Алайда, оқу оқып, жұмыс істеуге рұқсат және ол құпталады. Алайда процедураны сақтау және рұқсат алу қажет. СҚО-да жыл басынан учаскелік инспекторлар жинаған материалдардың негізінде шартты түрде мерзімінен бұрын босату режимін бұзған 21 құқық бұзушы бас бостандығынан айыру орнына қайтарылды».