07.07.2022, 11:09
Жаңалықтар
Доллардың бағасы тағы өсті
Ең жоғарғы көрсеткіш Алматы қаласында тіркелді
Биржа нарығында төл теңге тағы да құлдырады. Валюта айырбастау нүктелерінде 1 доллардың бағасы 483 теңгеге дейін жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Kurs.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, АҚШ-тың бір долларының сатып алу сомасы 483 теңгеге бағаланса, сату құны 474,5 теңгені құрап отыр.
Десе де Елордада доллар бағасы Алматымен салыстырғанда 3 теңгеге арзан. Мұнда 1 доллардың сатып алу бағасы 480 теңгені көрсетіп тұр. Ал сату құны 473 теңге. Еліміздің тағы бір мегополисі Шымкентте де шетелдік валютаның құны осындай.
Алдағы күндері доллардың бағасы қаншалықты шарықтайтыны немесе керісінше түсетіні әзірге белгісіз. Бұл мәселеге қатысты Ұлттық банк тарапынан әлі ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды