Қазақстаннан 304 мың долларды заңсыз әкетпек болған шетелдік ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстаннан тыс жерге шығатын азаматтарға ақша қаражатын әкету және оларды декларациялау кезінде заңнаманы сақтау қажеттілігін ескертеді

Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» шекара пунктінде 304 мың АҚШ долларын заңсыз әкетпек болған шетел азаматы ақшаны дөңгелекке жасырған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

27 маусымда Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметі департаменті «Жайсаң» өткізу пунктінде қомақты қаржыны шетелге заңсыз әкету әрекетін анықталды.

Шетел азаматы 304 000 АҚШ долларын автомобильдің жүк салғышындағы қосалқы доңғалақтың астына жасырған.