Ақтауда суға батып кеткен жігіттің денесі іздестіріліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Самал 2 шағын ауданында болған

фото: egemen.kz

Оқиға 5 шілде күні сағат 17-00-де Ақтау қаласының Самал 2 шағын ауданында теңіз жағалауында болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ағайындарымен бірге теңізге барған 1993 жылы туған Бейнеу ауданының тұрғыны суға кетті.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, мәйітті іздеуге ТЖ департаментінен 6 қызметкері, жедел құтқару жасағынан 10 қызметкер, Полиция департаментінің 8 маманы мен  жедел жәрдемнен 3 адам жұмылдырылған.

Суда құтқарушылар 4 сағаттан бері іздестіру жұмыстарын жүргізуде.