Жеңіл салмақта өнер көрсеткен Елжан Елшібай жарыста қарсылас шақ келтірмеді
Қазақстандық таеквондошылар Фуджайра қаласында (БАӘ) өткен рейтингтік «Fujairah Open G2» халықаралық турнирінде 5 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.
54 келіге дейінгі салмақта Елжан Елшібай үздік атанса, Қазыбек Бақтиярұлы (63 кг) мен Айтолқын Орынбасар (73 кг) екінші орын алып, күміс медаль иеленді. Алмат Қожахмет (68 кг) пен Амина Нұрғазықызы (62 кг) қоржынға қола жүлде салды.